人民网首页Бас бет

Қытай құрамасы

Бейжің қысқы Олимпиадасы: жұптық сырғанаудан Қытай алтын медаль алды

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 ақпан күні кешке Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жұптық конькимен еркін сырғанау жарысында Қытай ойыншылары Суй Вэньцзин мен Хань Цун чемпион атанды. Екінші орынды Ресей Олимпиада комитетінің ойыншылары Евгения Тарасова мен Владимир Морозов жеңіп алса, үшінші орынды Ресей Олимпиада комитетінің спортшылары Анастасия Мишина мен Александр Галямов жеңіп алды.

Фристайл шаңғымен сырғанаудың ерлер арасындағы әуе шеберлігі финалында Қытай ойыншысы Ци Гуанпу чемпион атанды

17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 ақпанда Чжанцзякоу жарыс аймағында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының фристайл шаңғымен сырғанаудың ерлер арасындағы әуе шеберлігі бойынша финалы өтті. Жарыста қытайлық Ци Гуанпу чемпион атанды.

Гу Айлин Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы екішні медальін алды

15 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 15 ақпан күні таңертең Чжанцзякоу жарыс аймағындағы Юньдин шаңғы саябағында Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының әйелдер арасында фристайл - шаңғымен сырғанау бойынша кедергілерден өту шеберлігінің финалы өтті. Жарыста қытайлық Гу Айлин күміс медальға ие болды.

Фристайл шаңғымен сырғанаудың әйелдер арасындағы әуе шеберлігі финалында Қытай спортшысы Сюй Мэнтао жеңіске жетті

15 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 14 ақпан күні кеште Бейжің 2022 қысқы Олимпиада ойындарының фристайл шаңғымен сырғанау бойынша әйелдер арасындағы әуе шеберлігі финалы Чжанцзякоудың Юньдин шаңғы саябағында өтті. Онда Қытай спортшысы Сюй Мэнтао чемпиондықты жеңіп алды.

1 2 3 4 5 6 Келесі бет