人民网首页

Жаңалық

Қытай-Еуропа пойызы Орталық Азия бағыты бойынша екі жаққа да қатынауды қалпына келтірді

8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 5 мамыр күні түстен кейін, 12 күн жол басып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен сауда тауарларына толы халықаралық жүк пойызы Хэнань өлкесінің Синьсян экономикалық даму аймағындағы халықаралық құрлық және теміржол тасымалдау стансасына келіп тоқтады. Бұл пойыз Қазақстанның Алматы қаласынан жолға шығып, Қорғас порты арқылы елге кірген.

Орталық Азияның бес елінде қытайлық фильмдер мен телебағдарламалардың көрсетілімі басталды

4 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Орталық Азия бес елінің бұқаралық ақпарат құралдары мен Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азияға махаббат» атты Қытай фильмі мен телебағдарламасының көрсетілімі ресми түрде басталды. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы негізгі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасы аударған көрнекті Қытай фильмдері мен телебағдарламаларының үздік нұсқалары жергілікті көрермендермен жүздесті.

上一页10 11 12 13 14