17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 16 мамырда Шэньси өлкесінің Сиань қаласындағы Қытай-Орталық Азия саммитінің Жаңалықтар орталығы өз жұмысын бастады. Жаңалықтар орталығында негізгі қызмет көрсету бюросы, қытайлық және шетелдік тілшілерге арналған жұмыс аймағы, баспасөз конференциясы залы, медиа шеберхана, қоғамдық сұхбат залы, фотосуреттер бөлімі, ортақ сигнал жазу залы, тікелей эфирдегі репортаж, сұхбат жүргізу бөлмелері, медициналық көмек және басқа да нысандарды қамтыған функционалды аймақтар бар.
17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Ежелгі астана Сианьда жарқыраған шамдар Тан империясы стилінің ежелгі келбетін қайта жаңғыртты. Саяхатшылар легі мен саммиттің ауқымды іс-шарасы бірігіп, қала думанға бөленді.
17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай - Орталық Азия саммитіне қатысу үшін 2023 жылдың 17-19 мамыр аралығында Қытайда мемлекеттік сапарда болады.
17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 16 мамырда Шэньсидің жергілікті кәсіпорындары шығарған 261 жаңа энергетикалық көлігі толық тиелген Қытай-Еуропа пойызы Сиань халықаралық порт станциясынан шығып, Қорғас порты арқылы батысқа қарай бет алды. Пойыз Қазақстандағы Алтынкөл станциясынан алмасып, шамамен 18 күннен кейін Өзбекстанның астанасы Ташкентке жетеді.