18 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Чаншадағы Zhonglian Smart Industry қаласында орналасқан сырғымалы тиегіш музыка әуенімен зауыт алдындағы ашық кеңістікте «биге басты». Алдыңғы дөңгелегі жерге тигенде артқы дөңгелегі жоғары көтеріліп, көтерген затын бұлғап, бірқатар күрделі әрекеттердің бәрін механикалық түрде аяқтады.
23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 19 мамырда газетіміздің «дамып жатқан Қытай» тілшілері тобы Қытайдың автомобиль өнеркәсібінің «ақылды қозғалтқышы» деп аталатын Ухань Dongfeng Motor жаһандық инновациялық орталығына барып, Dongfeng Motor-дың жаңалық ашу арқылы қалай дамуды жебеп, өз саласындағы өзгерістерге қалай жетекшілік етіп отырғанымен танысты. Мұнда күндіз-түні мыңдаған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық топтар жұмыс істейді.
11 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Аньхой өлкесінің Уху қаласындағы Chery-дің интеллектуалды өндіріс зауытының дәнекерлеу цехында 660-тан астам робот бірге жұмыс істейді, ол 97%-ға дейін автоматтандырылған. Бұл бір минутта бір автокөлік шығаратын «Chery жылдамдығын» жүзеге асырды.
9 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Цинхайдың Сининінде орналасқан Цинхай-Сицзан үстіртіндегі жабайы хайуанаттар саябағында Цинхай-Сицзан үстіртіндегі 60-тан астам түр мен 2000-нан астам жабайы хайуанат құтқарылды. Олардың шамамен 1/3 бөлігі бағаланып, босату шарттарына толғаннан кейін табиғатқа жіберілді.