17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін екінші Қытай-Орталық Азия саммиті Астанада ашылды. Қазақстанның елордасы Астана қаласы жаңа бейнемен саммитті қарсы алды.
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 16-18 маусым аралығында Қазақстанның Астана қаласында болып, екінші Қытай-Орталық Азия саммитіне қатысады. Орталық Азия елдерінің тілшілері онлайн «Халық Газеті» тілшісіне берген сұхбатында мыңжылдық Жібек Жолы достығының жалғасуы аймақтық ынтымақтастықтың негізін қалағанын және бұл саммит тіпті де етене тағдыры ортақ Қытай-Орталық Азия қауымдастығын құруға ықпал ететінін айтты.
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен келіссөздер жүргізді. Фото:Синьхуа.
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусым күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шақыруымен екінші Қытай-Орталық Азия саммитіне қатысу үшін арнайы ұшақпен Астанаға жетті. Фото:Синьхуа.
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің Конфуций институты 18 жылдан бері Қытай мәдениетін таратып, жергілікті халық үшін қытай тілін үйрену мен қытай мәдениетін түсінудің маңызды платформасына айналды. Мұнда қазір ханьфу(қытай дәстүрлі киімдері)сән үлгісі көрсетілімі өтіп жатыр.
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның елордасы Астана қаласында қытайлық көліктер жергілікті тұрғындар арасында танымал болды. «Қытай-Орталық Азияның бес елі Экономикалық және сауда ведомстволары арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығын нығайту бойынша өзара түсіністік меморандумын» бірінші Қытай-Орталық Азия саммитінің жетістіктер тізіміне енгізген еді.
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусым күні таңертең ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шақыруымен екінші Қытай-Орталық Азия саммитіне қатысу үшін арнайы ұшақпен Бейжіңнен Астанаға қарай жолға шықты.
16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Домбыраның шанағынан күй төгіліп, осы күмбірлеген күй үніне тербеле отырып, Қытай мен Орталық Азияның балалары бірге ойнап, әңгімелесті. Әр елден келген жеткіншектердің риясыз күлкісі ортақ тілге айналып, бір-бірін кедергісіз ұғынып жатыр.