Қытайдағы Еуропалық жастардың қысқы олимпиада-ға сапарын бастау салты Бейжіңде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 шілде

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай халықының шетелдермен достық бірлестігі Бейжіңде Қытайдағы еуропалық жастардың қысқы олимпиадаға(2022 жылғы Бейжің қысқы олимпиада)сапарын бастау салты мен Бейжің қысқы олимпиада хикаиясын бөлісу жиналысын өткізді. Бұл жиналысқа Қытайда тұратын 17 Еуропа елдерінен келген жастардың өкілдері мен Бейжің қысқы олимпиадасын ұгіттеу тобының мұшелері сынды 100-ден астам адам қатынасты.

Қытай халықының шетелдермен достық бірлестігінің төрағасы Лин Сонтиан сөз сөйледі. Ол «біз Еуропалық жастар мен достарымызға Бейжің қысқы олимпиадасына дайындық жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көрсету мақсатында «Еуропалық жастардың қысқы олимпиадаға сапары» шарасын өткізіп отырмыз. Біз тағы да шетелдік жастарды Қытайдың мұз және қар спорт түрлері жетістіктерімен таныстырамыз. Осы арқылы көптеген Еуропалық достарымызды Бейжің қысқы олимпиадасы туралы көбірек біліп, оған белсене қатысуға шақырамыз. Бейжің қысқы олимпиадасын Қытай мен Еуропаны және әлемді ынтымақтастыққа бастайтын спорттық шара ретінде өткізу мақсатын көздейміз», - деді.

Бұл қысқы олимпиада шарасының тақырыбы «Әлемнің Қысқы олимпиадасы, ақ қар көк мұзды Бейжің мен Чжан Цзякоу». Бұл жиынға Қытайда әр салада жұмыс жасап жүрген 17 Еуропа елдерінің жастары мен осында білім алып жатқан Еуропа елдерінің студенттерінен 50-ге жуық өкіл қатысты. Олар Шоуган саябағы Бейжің қысқы олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің бас бөлімін, Янцин және Чжан Цзякоу сияқты жарыс алаңын көрді. Олар Бейжің қысқы олимпиадасының дайындық жұмыстарының барысы мен ұйымдастыру ерекшеліктеріне ризашылық білдірді. Еуропалық жастар Қытай халқының Бейжің қысқы олимпиадасын тағатсыздана күтіп отырғанын, олардың қар, мұз спортына деген шексіз махаббатын шын мәнінде түсіне алды.  

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото