Тибеттің(Xizang)заттық емес мәдени мұрасы матадан жасалған ысқырма жебе «Би Шиу»

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 шілде
Тибеттің(Xizang)заттық емес мәдени мұрасы матадан жасалған ысқырма жебе «Би Шиу»
Матадан жасалған ысқырма жебе жарысынан бір көрініс

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 27 шілде күні Тибеттің Нинчи Бажи қыстағында ысқырма жебе жарысы болды. «Шиу-шиу» еткен дыбыспен бірге ысқырма жебе шабандоздың садағынан шығып, нысанаға қарай ұшты. Мәліметтерге қарағанда, Тибет тілінде ысқырма жебе «Би Шиу» деп аталады екен. Жебе Тибет (Xizang) автономиялы регионының облыс дәрежесіндегі заттық емес мәдени мұрасына енеді. Жебенің басы ағаштан домалақталып жасалады, ішін тесіп қояды. Сондықтан ол ұшу барысында ысқырған дыбыс шығарады. «Ысқырық жебе» деген атау осыдан шыққан.

Матадан жасалған ысқырма жебені Нинчи қаласының еңбекші халқы өндіріс-тұрмыс барысында тапқырлаған. Ысқырма жебе - жергілікті елдің мол өнім алғанда, жаңа жылды тойлау кезінде міндетті түрде өткізетін жарыс ойын түрі. Қазірге дейін 1500 жылдық тарихы бар. Тибет шабандоздарының айтуынша ауылда белгілі бір маусым аралығында ысқырма жебе жарысы өтіп тұрады. Жеңімпазға рухани демеу көрсетіліп, заттық сый-сияпаттар жасалады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото