Әлем бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыруға арналған бірден-бір университет

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 тамыз

2 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру үшін салынып жатқан бірден-бір университет құрылысы шамамен 2021 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

29 шілде күні Мемлекеттік кеңестің мүгедек жұмысшылар комитеті директорының орынбасары, Қытай мүгедектер федерациясының төрағасы Чжан Хайди мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру университеті құрылысының салынуы қарқынды жүріп жатқанын айтты. Ол «университеттің 530 мың шаршы метр көлемінің құрылысы аяқталуға жақын. Шамамен биылғы жылдың соңында университет құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз»-, деді.

2015 жылы Қытай мүгедектер федерациясы мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру үшін арнайы университет салуды жоспарлаған еді. Біраз жылдардан бері әр өлкеде, қалада, автономиялы региондарда сауықтыру орталықтары салынды. Алайда сауықтыратын мамандар тапшы. Чжан Хайди «Біз болашақта бұдан да кемел, жоғары санатты сауықтыру ғылымын қажет етеміз. Оған қажетті дарынды мамандарды баулуды күшейтуіміз керек. Олар сауықтыру саласын бұдан да биік белестерге жеткізе алады», - деді. 

Сауықтыру университеті әлем бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру үшін салынған бірден-бір университет. Ол адам өміріне деген құрмет пен сүйіспеншіліктің ең жоғары айғағы.

Тиісті ақпараттарға сүйенсек, аталмыш университет 2020 жылы 26 докторант (PhD), биыл 20 докторант қабылдады. Қазір университетте 46 докторант білім алуда. Әзірше бакалавриат деңгейі ашылған жоқ. Университет сауықтыру емшісін, көмекші құрылғы инженері сынды мамандарды дайындап шығарады. Сол арқылы Қытайдағы мүмкіндігі шектеулі және мүмкіндігі жартылай шектеулі 44 миллион қарт адамдарға кәсіби сапалы қызмет көрсетеді. Сөйтіп мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасыларына мейірімділік пен жайлылық сыйлауды мақсат етеді. 

«Сауықтыру университетін салуды қолдауымыз керек. Біз «алдынғы буын еккен ағаштың саясына кейінгі ұрпақ ат шалдырады» дейтін тамаша идеяны бағдар етеміз. Адамды сауықтыру, оларды бақытқа жеткізу қаншалықты маңызды екенін түсіне білейік. «Бас ауырып, балтыр сыздамағанда ғана бақыт туралы айтуға болады», - деді Чжан Хайди. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото