«Жібек жолы үні» атты музыкалық қойылым сахналанды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 тамыз

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жібек жолы тақырыбындағы «Жібек жолы үні» атты музыкалық қойылым Шэньси Үлкен театрында сахналанды. Музыкалық қойылымдағы туындыларды Шэньси туристік тобы ұсынған болатын. Қойылымды Қытай мен шетелдік топтар бірлесіп дайындаған. Олар әр түрлі мәдениетті тоғыстырумен ерекшеленіп, Жібек жолы бойындағы көп ұлттың барыс-келіс жасауын, араласу тарихын баяндады. Қойылым музыка, би, қуыршақ, акробатика, жекпе -жек өнері сынды көп өнер түрлерін қамтыған салтанатты кеш түрінде өтті.

Қойылым аяқталғаннан кейін мамандардың семинары болды. Бұл семинар мәдени туризмнің орындаушылық өнері Жібек жолы рухын қалай дамытады деген тақырып айналасында өтті. Шэньси өлкесі мәдениет пен туризм саласының жауапты қызметкері «Жібек жолы үнінің» қойылуы Шэньси мәдениеті мен туризмінің сырт елдермен ауыс-түйіс жасап, ынтымақтастықтың орнығуын арттырады», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото