Цинхай көлі поэзия мерекесі шымылдығын ашты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 тамыз
Цинхай көлі поэзия мерекесі шымылдығын ашты

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тамыздың 3-і мен 5-і аралығында көркем Цинхай көлінің жағасында 2021 жылғы Цинхай көлі поэзия мерекесі салтанатты түрде өтті. Бұл мерекедегі ең кәделі сыйлық «1573 алтын тибет бөкені поэзия сыйлығы» Испан ақыны Луис Гарсия Монтероның қанжығасына байланды.

Әлемдегі 10-нан астам мемлекеттен келген ақындар «Қиялдағы Хайбей» атты сырласу сәті, «Көркем Цинхай» атты поэзия оқу, Цинхай көліндегі поэзияға сапар секілді бір қыдыру поэзиялық мәдени іс-шараларға қатысты. Ақындар ең бастысы «1573 алтын тибет бөкені поэзия сыйлығын» табыстау салтанатты марапатына куә болды.

Цинхай көлі поэзия мерекесі 2007 жылдан бүгінге дейін неше кезек аталып келеді. Содан бері бұл мерекеге әлемдегі 160 мемлекет бен өңірлерден 1000-нан аса ақындар қатысты. Сөйтіп салтанатты түрде «көркем Цинхай көлінің поэзиясы декларациясын» қабылдады. Әлемдегі теңіз деңгейінен ең биік «Цинхай көлі поэзия алаңы» бой көтерді. Цинхай көлі поэзия мерекесінің ең жоғары марапаты «1573 алтын тибет бөкені поэзия сыйлығы» бекітілді. Қазір Цинхай көлі поэзия мерекесі әлемде ең ықпалды халқаралық поэзия мерекелерінің қатарынан орын алады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото