Тибет бөкенінің саны көбейді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік орман және жайылым бюросының ең жаңа ақпаратына сүйенсек, біраз жылдардан бері еліміздің экологияны қорғау мен аң аулаушыларды тізгіндеу талабын күшейткеннен бері, бүгінде тибет бөкенінің саны 300 мың тұяққа жетті. Ал XX ғасырдың 80-90 жылдары тибет бөкенінің саны 70 мыңға да жетпейтін еді.

Тибет бөкені мемлекеттік бірінші дәрежеде қорғалатын хайуанат. Бөкендер еліміздің Шыңжаңдағы Альтун таулары, Тибеттің(Xizang) Цянтан, Цинхайдің Құма өңірлерін мекендейді. Ол Цинхай-Тибет үстіртінің негізгі хайуанаты, әрі сол жердің байырғы өкілі.

Мәліметтерге сүйенсек, ол Цинхай-Тибет үстіртіндегі және Хох Сил аумағындағы маңызды жануар. Биологиялық тізбеде маңызды орында тұрады. Қоңыр аю, қасқыр, тазқара, бүркіт, қарға, торғайлар бөкен етімен қоректенеді екен.

Ресми орындардың берген мәліметіне сүйенсек, қазір Цинхай, Шыңжаң, Тибеттегі тибет бөкенінің саны 300 мың тұяқтан асқан. Ол бұрынғы жойылып бара жатқан түрлер қатарынан қауіпті түрлердің жанындағы қатарға кірді. Тибет бөкенінің лақтары өте әлсіз болады. Сондықтан төлдейтін мезгілде үш өзен қайнары (бұнда Янцзы өзені, Сары өзен, Ланцан өзені айтылып тұр)мемлекеттік бақша қорғау орталықтарының қызметкерлері сыртқа шығып, төлдерді бақылап отырады. Жаңа туылғандарын алып келіп, бағып, өз беттерімен сыртқа шығу сынағынан өткеннен кейін, табиғатқа жібереді. Тибет бөкендерінің төлдерін күтетін бапкерлердің бәрі ер адамдар болғандықтан, сырттағылар оларды тибет бөкенінің «әкесі»деп атайды.

Әр жылы маусымда Шыңжаңдағы Альтун таулары, Тибеттің Цянтан, Цинхайдің Құма аумағындағы ұрғашы тибет бөкендері жүздеген шақырым жол жүріп, Цинхайдың Хох Сил аумағындағы Чжуанай көлі, Күн көлі сынды аймақтарға жетіп төлдейді. Шілденің соңы мен тамыздың басында ұрғашы тибет бөкендері бір ай шамасындағы төлдерін ертіп өздерінің мекендеріне оралады.

Тілшінің хабарлауынша тибет бөкендерінің тіршілік ететін ортасы қолайсыз. Көбі теңіз деңгейінен 4000 метрдей биіктікте тіршілік етеді. Ауа райы суық, оттегі тапшы. Сондықтан олардың мекеніне қайту жолындағы әрбір ұрғашы тибет бөкені мен оның төлдерінің қайсарлығы қорық қызметкерлерін ерекше әсерге бөлейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото