Бейжіңнің PM2.5 концентрациясы осы айда ең төменгі рекордты жаңалады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 тамыз
Бейжіңнің PM2.5 концентрациясы осы айда ең төменгі рекордты жаңалады
Қала тұрғындары Янциннің Юду тауы Кемпинг базасында тамаша ауа райында рахаттанып демалуда.

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 тамыз күні Бейжің қалалық Экологиялық бюросы ең жаңа бақылау деректерін жариялады. 2021 жылы шілдеде Бейжіңнің ауа құрамындағы ұсақ бөлшектердің(PM2.5)орташа айлық концентрациясы 16 мкг/м3 болған. Бұл бақылау деректерінің ішінде ауа сапасы ең үздік ай болды. 3 ай қатарынан бір айдағы ең төменгі рекорд жаңаланды. Биыл қаңтардан шілдеге дейін Бейжіңнің PM2.5 орташа концентрациясы 37 микрограмм/м3 құрады. Осылайша ұқсас мерзіммен салыстырғандағы ең үздік сапаға жетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото