Хенанның Чжэнчжоу қаласы тиімді шаралар арқылы нарықтық сұранысты жеткілікті етті, әрі тауар бағасы тұрақталды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 тамыз

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Індет қайта өршігеннен бері, Чжэнчжоу қаласында күріш, ұн, май, ет, жұмыртқа сияқты халық көп тұтынатын заттардың нарықтық сұранысы жеткілікті орындалып, зат бағасы да тұрақты болды. Бұл жұртшылықты күнделікті ішіп-жеуден тарықтырмады»,-дейді Чжэнчжоу қалалық Үкімет Бас хатшысының орынбасары Ли Хуэйфан, 11 тамыздағы ақпарат тарату жиналысында.

Қаланың әр көшесіндегі дүкендердің сөресінен көкөністер мен жемістердің, ет өнімдерінің барлық түрін кездестіре аласыз. Чжэнчжоу қаласының 27-нші аумағындағы қала тұрғыны Лу мырза журналиске былай деді: «Жабық аумақ тұрғындары интернеттегі электронды бизнес платформасы немесе WeChat тобы арқылы қажетін айтса, аумақтың қызметкерлері заттарды тұрғындардың есігінің алдына дейін жеткізіп береді».

Чжэнчжоу қалалық сауда бюросы «Чжэнчжоу қаласының індеттен сақтану кезінде тұрмысқа қажетті бұйымдармен дер кезінде қамтамасыз ету» тәртібін белгіледі. Қала аумағына, әсіресе карантиндік шектеудегі аумақтарға нақтылы нарықтық кепілдік жасау үшін, супермаркеттердің, ірілі-ұсақты жүздеген дүкендердің зат қоймасын, сатылымын, зат бағасын күнделікті тексеруге арнайы 11 топ қызметкерлері тағайындалды. 12 тамызға дейін Хэнань өлкесінің сауда бөлімі Чжэнчжоу қаласы үшін өлке ішінде зат тасымалдайтын көліктерге 6000 рұқсат куәлігін табыстады. Жұртшылықтың әлеуметтік жағдайы үшін тасымал қызметін көрсететін бұл көліктерге 24 сағат бойы өлке ішіндігі әрбір жол ашық болмақ. Кәсіпорындарды материалмен қамтамасыз етуге 17665 мәрте қатынаған жүк көліктері халықтың тұрмысына қажетті 160 мың тонна бұйымдарды тиісті жерлерге жеткізіп, жабық аумақтардың қажетін уақытында шешіп отырады.

«Біз WeChat тобы, электронды бизнес платформасы арқылы немесе тасымал көліктерін аумаққа шақыру арқылы тұрмысқа қажетті бұйымдарды халықтың қолына жедел жеткізуді жүзеге асырып жатырмыз»,-дейді қалалық сауда бюросының жауапты маманы.

Бұдан басқа Чжэнчжоу қалалық нарықты бақылау-басқару мекемесі басқарудың заңдық талабын күшейтіп, зат бағасындағы заңға қайшы жағдайларды тексеруді қатаң бақылауға алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото