28 -інші Бейжің халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қыркүйек

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Журналистің 8 қыркүйек күні өткен 28 -інші Бейжің халықаралық кітап жәрмеңкесінің баспасөз жиналысынан алған мәліметіне сәйкес, бұл кезекті жәрменке 14-18 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл әлемдегі бірінші ірі офлайн және онлайн көрмелердің комбинациясын жалғастыратын халықаралық кітап жәрмеңкесі болмақшы. Әрі халықаралық баспа индустриясы мен оқырмандар үшін авторлық құқық саудасын әзірлейтін басылымдар көрмесі мәдени алмасуды, кәсіби семинарларды және оқуды насихаттауды біріктіретін ауқымды халықаралық мәдени алмасу мерекесі. Осы уақытқа дейін әлемнің 105 елі мен өңірлерден 2200 -ге жуық экспонат көрмеге қойылу үшін жиналды. Көрмеге 1600 -ге жуық офлайн ұйымдар қатысты, бұл 71%-ды құрайды. Шетелдік экспонаттар олардың жалпы санының 2/3 бөлігіне жуық. Бұл жолғы көрмеге қойылған кітап түрі 300 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар 19-ыншы Бейжің халықаралық кітап мерекесі де бір уақытта, дәл сол жерде өтпекші.

Бейжің халықаралық кітап жәрмеңкесіне Пәкістан елі құрметті қонақ ретінде қатысады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото