Қытайдың дәстүрлі мерекесі Жоңчиу келіп жетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қыркүйек

18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл ескіше күнтізбе бойынша 15 тамыз, жаңаша күнтізбеде 21 қыркүйек Қытайдың дәстүрлі Жоңчиу мерекесі.

Жоңчиу мерекесі(Күз ортасындағы мереке)- Қытайдың дәстүрлі мерекесі. Ол ай、ай соңы、 күз、Жоңчиу、айға табыну мерекесі деп те аталады. Жоңчиу мерекесі бағзы заманда халықтың аспан денелеріне табынып, күзде айға тасаттық беруінен келіп шыққан. Мереке кезінде айға тасаттық беру, айдың көркін тамашалау, айкүлше жеу, османтусты тамашалау, османтуст шарабын ішу, арыстан биін билеу, куплет, мереке күні базар аралау, мереке күні толқынды тамашалу сияқты салттар атадан балаға жалғасып бүгінге дейін жеткен.

 Жоңчиу мерекесіндегі көптеген әдет-ғұрыптардың арасында толқынды тамашалауды да атауға болады. Қытайдың Чжэцзян өлкесі Цзянтань көліндегі толқын уәделескендей дәл мереке күні пайда болады. Сондықтан да бұл күнде Цзянтань толқындарын тамашалау Чжэцзяндағы өзіндік ерекшелікке ие мереке салтына айналды.

Күзгі Цзянтань өзен толқынының өзгеше болуының сыры бар. Ғалымдардың зерттеулерінен білетініміздей, Жоңчиу мерекесінде күн, ай мен жер бір түзу сызықтың бойынан шығып, теңіз суы тартылыс күштің әсерінен максималды жоғары толқынға жетеді. Сондықтан көл бетіне аса салтанатты толқындар көтерілып, көрген жанның жанын жадыратады.

Жоңчиу мерекесі бағзы заманнан бастау алып, жалпы Хань дәуірінде тарала бастаған. Ал Таң патшалығының алғашқы кезеңінде мерекенің болмысы тұрақталып, Сұң патшалығынан кейін көркейе түскен. Жоңчиу мерекесіндегі барлық әдет-ғүрыптардың тарихы тереңде, оны күзгі салт-дәстүрлердің жиынтығы деп атауға болады. Жоңчиу мерекесінде ай толып, отбасы мүшелері бір шаңыраққа жиналып, алдағы күннен мол табыс, ортаймайтын бақыт тілейді. Бұл мереке осындай бай мазмұнымен біздің мәдени мұрамызға айналып отыр.

Жоңчиу мерекесі - көктем мерекесі, Чиң Миң мерекесі(қабыр сыпыру мерекесі), Дуан у мерекесі(Қиақ күріш мерекесі)сияқты Қытайдың төрт үлкен мерекесінің бірі. Оны бұл күнде Жұңхуа мәдениетінің оң ықпалындағы Шығыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Азиядағы кейбір мемлекеттер және ондағы жергілікті қытайлық бауырластар дәстүрлі мереке ретінде тойлайды. 2006 жылдың 20 мамырында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Жоңчиу мерекесін мемлекет деңгейіндегі заттық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. Ол 2008 жылдан бастап мемлекеттік дәрежедегі заңда белгіленген мерекелер қатарына енді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото