Күзгі теңелу - Қытайдың мол өнім алу мерекесі

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ескіше күнтізбедегі жиырма төрт жыл амалдарының ішіндегі он алтыншы амалы - күзгі теңелу. Ол жаңаша күнтізбенің 22-24 қыркүйегінде өтеді. Дәл осы жыл амалында Қытайдың оңтүстігінде күз басталады (Қытайдың солтүстігінде күз басы амалынан бастап күз келеді).

Бұл уақытта күн жершары экваторынан тікелей түсетіндіктен, осы күні әлемде күн мен түн теңеледі. Күзгі күн мен түннің теңелуінен кейін, солтүстік жарты шардың барлық бөліктерінде күн қысқарып, түн ұзарады. Яғни бір тәулікте күн түннен қысқара бастайды; оңтүстік жарты шарда керісінше болады.

Күзгі күн мен түннің теңелуі бұрын дәстүрлі «Ай мерекесі» еді. Ежелгі Қытайда «Көктемде күнге, күзде айға сыйыну» деген сөз бар. Алайда, ескіше күнтізбеде бұл күннің әр жылғы тамыздағы уақыты сәйкеспейтіндіктен, ол күні ай толмауы мүмкін. Ал айсыз оған тасаттық беру - қорқынышты көрініс. Сондықтан, кейінгі кезде айға «Күзгі күн мен түннің теңелуі» кезінде емес, Жоңчиу мерекесі(Күз ортасындағы мереке)кезінде сыйыну қалыптасты.

2018 жылдың 21 маусымында Мемлекеттік кеңес «Қытай фермерлерінің мол өнім алу мерекесін» құруға келісу туралы жауап берді. Онда 2018 жылдан бастап, әр жылғы ескіше күнтізбедегі күзгі теңелуді «Қытай фермерлерінің мол өнім алу мерекесі» ретінде белгілеуге келісті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото