11-ші Бейжің халықаралық кинофестивалі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қыркүйкете Бейжің Яньци көлі халықаралық көрме орталығында 11-ші Бейжің халықаралық кинофестивалі ашылды. Биылғы кинофестивальдің тақырыбы «Жаңа мүмкіндік-Жаңа жағдай» деп аталды, тамашалаушыларға кино, кинематографшы және кино базасы сияқты үш қырынан тосын сый жасайтын болады.

Кинофестивалдің басты шарасы саналатын «Тянтан силығына» бүкіл әлем бойынша 15 үздік кино іріктелді, оның ішінде ждоғары білікті режиссерлердің жаңа туындылары мен жас режиссерлердің сара туындылары бар, сондай-ақ көптеген кинолардың тұңғыш қойылымы болады. Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй өңіріндегі 31 кинотеатрында аталған фестивалдегі 300 ге таяу Қытайлық және Шетелдік фильмдердің 1000-нан астам қойылымы болады. Бұдан басқа, кинофестиваль «Қытай коммунистік партиясының 100 жылдығы», «Қысқы олимпияда», «Классиканы жөндеу», «Классиктерді еске алу», «Қытай хикаясы» сияқты 17 скринингтік қондырғы орналастырды.

Кинофестиваль кезінде «Бейжің нарығы» киноиндустрияның мінсіз жабық циклін құру үшін сатып алушыларды, көрмеге қатысушыларды, жобалық партияларды, төрешілер мен тәлімгерлерді және шығармашылық йелерін жинады. Фестиваль көрермендерді офлайн және бұлт әдісі арқылы кездесулер ұйымдастырып, уақыт пен кеңістіктің шекарасынмен шектелмей, мерекенің мерейін асырды.

Биылғы Бейжің халықаралық кинофестивалінде Бейжіңнің солтүстік шығыс қала маңындағы Хуайру «Кино базасының» ерекшелігі неғұрлым кеңірек және егжей-тегжейлі түрде көрнектіленді. Хуайру аумағында өткен кино карнавалы ресми іс-шараларды, мысалы: кино базасындағы гүл теңізі, анимациялық модельдеу көрмесі, кино элементтерін жарықтандыру шоуы, ата-ана мен баланың интерактивті тәжірибесі және кино-фильмдік өнер қойылымдары сияқтыларды жобалап, «Кино базасында демалысты өткізу» атты мәдени туризм мерекесін ұйымдастырды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото