Хунаньның Цзи Цзяочэн байырғы жұртының археологиясы тарихқа дейінгі толық ағаш құрылыс негізін ашты (6)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 қазан
Хунаньның Цзи Цзяочэн байырғы жұртының археологиясы тарихқа дейінгі толық ағаш құрылыс негізін ашты

12 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қазан күні Хунаньның (Еліміздің оңтүстік шығысында) Цзи Цзяочэн байырғы жұртында археологиялық қазба мамандарының жиналысы өтті. Сол жерде Цюйцзялин мәдени дәуіріндегі ағаштан жасалған ғимараты, соның ішінде іргетасы толық ағаштан жасалған ең үлкен және ең жақсы сақталған үлкен ағаш ғимараты ашылды.

Цзи Цзяочэн байырғы жұрты 1978 жылы табылған болатын. Ол Хунань өлкесі Чандэ қаласы Ли ауданындағы Цзи Цзяочэн ауылында орналасқан, неолит дәуіріндегі қала орны болып саналады. 2020 және 2021 жылдары Хунань өлкелік мәдени жәдігерлер мен археология институты байырғы жұрттың оңтүстік-батысындағы қала қабырғасының ішкі жағында үш рет қазба жұмыстарын жүргізді, қазба алаңы 721 шаршы метрді құрады және бірқатар ірі архитектуралық жәдігерлер табылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото