Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі ұлттық автокөлік пен жүргізушілер туралы ең жаңа ақпаратты шығарады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі 12-ші қазан күні статистика мәліметтерін жариялады. 2021 жылдың қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша еліміздегі меншікті автокөліктердің саны 390 миллионға жетті, оның 297 миллионы жеңіл автокөліктер; ал елдегі автокөлік жүргізушілерінің саны 476 миллионға жетті. оның 439 миллионы – жеңіл автокөлік жүргізушілері. Олар жүргізушілердің жалпы санының 92,14%-ын құрайды.

Бүкіл елдің 76 қаласындағы меншікті автокөліктер саны 1 миллионнан асады. Олардың ішінде Бейжіңдегі меншікті автокөліктер саны 6 миллионнан асады, Чэнду мен Чунциндегі меншікті көліктер саны 5 миллионнан асады, ал Сучжоу, Шанхай, Чжэнчжоу, Сиань қалаларындағы меншікті автокөліктер саны 4 миллионнан асқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото