«Су астындағы Ұлы Қытай қорғанын» жөндеу

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Хэбэй өлкесінің Сифэнкоу, Панджякоуында «Су астындағы Ұлы Қытай қорғанының» ерекше бір бөлігі бар. Панджякоу су қоймасы 1975 жылы салынған. Кейін су деңгейі көтеріліп кеткендіктен Панджякоу асуы мен Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі су астында қалып қойды. Уақыт ұзарып, судың тасуы мен тартылуына сәйкес оның кейбір жерлері құлап және тесіліп жатыр, сондықтан да шұғыл жөндеуді қажет етеді.

Дәл қазір Хэбэй өлкесіндегі ежелгі ғимараттарды қорғау институты мен жұмысшылары Ұлы Қытай қорғанының су үстіндегі қабырғасын жөндеуге және қорғауға жұмыла кірісті. Жобаның екінші кезеңінің ұзындығы 1005 метрді құрайды, ол осы жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жөндеу орны түпнұсқалық техникадан және шикізаттан жасалған, сонымен қатар оны жөндеуге мүмкіндігінше ежелгі қала қабырғасынан құлаған тастарды қолданады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото