Бүгін Чонъян мерекесі

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қазан

14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін ескіше күнтізбе бойынша Қытайдың дәстүрлі Чонъян мерекесі. Ескіше күнтізбеде бүгінгі күн - 9 қыркүйек. Халық қос тоғыздың қатар келуі ұзақ өмір сүрудің белгісі деп ырымдайды. Қытайлықтар бұл күнге ежелден ерекше мән берген, бүгінгі күні мереке мәні ұлғайып, қарттар күніне айналып отыр.

Бұл күнде мынадай салт-ғұрыптар орындалады:

Биікке шығу.

Болжаусыз апаттардан сақтану үшін барлық туған-туыстар бірігіп биікке шығады.

Ата -бабаларға ғибадат жасау.

Чонъян, Жаңа жыл, қабір сыпыру күні және Чжунюань күні - Қытайдың ата -бабаға ғибадат ететін төрт дәстүрлі салты.

Қарттарды құрметтеу

Чонъян - қытайлық қарттар күні. Бұл күні қарттарға құрмет көрсету арнайы атап өтіледі және барша қоғамды қарттарды құрметтеуге, сыйлауға, мейірімге бөлеп, жәрдем жасауға шақырады.

Күреңкей тамашалау

Чонъян күні күреңкей тамашалау дәстүрі сақталған.

Сондықтан оны ежелгі кезде күреңкей фестивалі деп те атаған. Ал ескіше күнтізбенің тоғызыншы айы әдетте күреңкей айы деп аталады.

Долана тағу

Чонъян күнінде көпшілік жамандықты аластап, жақсылық тілеу үшін долана тағынуды ұнатады. Долананың жұпар иісі құрт-құмырысқаларды кетіріп, бойдағы суықты алады.

Бүкіл әлемдегі қарттарға бақыт пен денсаулық тілейміз!

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото