Тоқтама, скейтбординг!

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 20 қазан

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Скейтбординг 1930 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың басында суда толқын болмағанда, сёрфингпен айналыса алмаған калифорниялық сёрферлер ортасында пайда болды. Барлық экстрималды спорт түрлерінің арасында скейтбординг ең қиыны болып есептеледі. Қауіпсіздік шараларын сақтап, ұдайы скейтбордпен айналысу, қорқынышты жеңуді үйретеді, сонымен бірге әдістерді (трюктерді) үйрену үшін ынта мен шыдамдылықты дамытады. Бұл есейген шақта қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар мақсатқа жетуде дербестік пен жігерлілікті дамытады. Скейтбординг дененің баланс сезімін шыңдауға, координация мен икемділікті жақсартуға көмектеседі. Бұл машықтар қозғалыстағы тар тақтайдың үстінде үнемі тепе-теңдікті сақтау қажеттілігінен дамиды. 2020 жылғы 7 желтоқсанда Халықаралық Олимпиада комитеті скейтбордингті 2024 жылғы Париж Олимпиадасының ресми ойын түрі ретінде тізімге қосуға келісті.

Бұл видеода сіз Бейжіңдік скейтер Ши Йилонмен және оның ой-қиялы, талғамымен танысасыздар!

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото