Шыңжаңдағы шөлді айналған темір жол рельсі дәнекерленіп болды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қараша

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң, Хотан аймағы, Ния ауданындағы Хотан-Чақылық темір жолының құрылыс алаңында бүкіл жолдың соңғы рельс қосылысы сәтті дәнекерленді. Бұл тұтас жол торабының біркелкі қосылуы жүзеге асқанын көрсетеді.

Айырым қиылысы жоқ жолдың артықшылығы пойыздың кедергісін, жүріс қолайсыздығы мен шуды азайтады.

Осыдан бір ай бұрын Хотан-Чақылық темір жолы қазіргі Холмуд-Хотан, Қашқар-Хотан және Оңтүстік Шыңжаң теміржолдарымен қосылып, Такламакан шөлін қоршап, әлемдегі алғашқы сақина тәрізді шөлді орап жатқан теміржол желісін құрған болатын.

Ұлттық орта және ұзақ мерзімді теміржол желісінің жоспары бойынша орталық және батыс аймақтардағы негізгі өңірлік құрлықтық жол желісі болған Хотан-Чақылық темір жолы 2022 жылдың маусымында іске қосылады деп күтілуде. Аталған темір жол еліміздің батыс ішкі аймағын, Оңтүстік Азияға, Орталық және Батыс Азияға халықаралық арнаны құрудың маңызды шарасы болып табылады.

Оңтүстік Шыңжаңның осы уақытқа дейін көптеген пойыз қатынамайтын аудандарының саны азайып, Хотан халқының Шыңжаңнан шығу жолы 1000-нан аса шақырымға қысқарады. Бұл оңтүстік Шыңжаңның экономикалық және әлеуметтік дамуын ілгерілетуде үлкен мәнге ие.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото