Жым-жырт қалашық және Гүлбақтың шайханасы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 желтоқсан

8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Алтай тауының етегінде Шеміршек атты жым-жырт, тыныштық ұйыған қалашық бар. Бұл жердің көрінісі көркем, адамдары ақжарқын, өмір ағысы баяу. Мұнда негізінен қазақтар қоныстанған. Гүлбақтың отбасы осы Шеміршек қалашығында тұрады. Ол Алтай қаласындағы жолаушылар бекетінен шайхана ашып кіріс көзін тауып отыр. Қазір көптеген адамдар жеке көлік алып, арлы-берлі қатынайтындықтан жолаушылар бекетіндегі адамдар саны бұрынғыдан азайып кеткен. Алайда тұрақты келушілері болғандықтан, Гүлбақтың табысы кеміп көрген емес. Отағасы екеуінің бір ұл, бір қызы бар. Балалары ақылды әрі оқу нәтижелері де тамаша. Гүлбақ балаларының аман-сау есейіп, қоғамға пайдалы азамат болуын тілейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото