Шыңжаң малшыларының қыстағы қатынас құралы - тері шаңғы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 желтоқсан
Шыңжаң малшыларының қыстағы қатынас құралы - тері шаңғы

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Алтайдың «адамзаттың шаңғы тебуінің бастауы» деген атау бар. Жергілікті тұрғындар пайдаланатын тері шаңғылар ең көне сноубордтардың бірі болып саналады. Алтайдың Көктоғай ауданындағы асқар тауларды мекендейтін малшылар үшін тері шаңғы қазірге дейін тарих сахнасынан шегінген жоқ. Ол қыста малшылардың тамаша қатынас құралы болу рөлін әлі жалғастырып келеді.

Көктоғай ауданы Көктоғай қалашығы Тараты қыстағының тұрғыны Оралбек биыл 32 жаста, оның тері шаңғымен сырғанағанына 20 жылдың жүзі болды. Жыл сайын қыста кімнің малы тауда қамалып түсе алмай қалса, Оралбек барып түсіріп береді екен.

Тараты қыстағының тұрғыны Оралбек: «Мен он жасымнан бастап тері шаңғымен сырғанауды үйрендім. Бала күнімде достарыммен бірге ойнайтын едім, қазір малшылардың малы тауға қамалып қалса, барып шығарып беремін»,- дейді аңқылдап.

Тері шаңғының тақтайы қарағайдан шауып алынғаннан кейін жылқы сирағының терісімен қапталады. Тауға шыққанда таймауы үшін жүннің теріс жағымен сырғанайды. Ал таудан түскенде тек бір ағаш таяқпен бағытын теңдеп, тері жүнінің оңына қарай сырғанаса, зымырап тез жүреді. Бүгінде отырықшы қонысынан қашық, тау асып қыстауға баратын малшылар үшін тері шана таптырмас қатынас құралы. Тері шаңғы тебу әрбір малшының білуге тиісті өнері десек те болады.

Көктоғай ауданы Тараты қыстағының тұрғыны Оралбек: «Тері шаңғы бала күнімдегі ойын-сауық құралы еді, қазір қатынас құралыма айналды. Ол өте қолайлы, күніне әрі-бері сырғанап жүріп, 20 шақырым жолды басып өтемін», - дейді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото