Бүгін қысқы тоқырау

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 желтоқсан

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қысқы тоқырау - жыл сайын жаңаша күнтізбе бойынша 21-23 желтоқсан аралығында болады. Ол 24 жыл амалдарының 22-нші амалы. Қысқы тоқырау ең маңызды жыл амалдарының бірі, оның келуі қыстың ең суық кезіне жеткенінің белгісі.

Бұл күн солтүстік жарты шарда жылдың ең қысқа күні болып табылады. Қысқы тоқыраудан кейін күн ұзарып, түн қысқара береді.

Солтүстік қытайда қысқы тоқырауда тұшпара жеу дәстүрі бар.

Ал оңтүстік Қытайда қысқы тоқырауда тәтті тұшпара жейді. Тәтті тұшпара жеп, ата-бабасын еске алады, дос-жарандар өзара тілек тілейді, ол төрт қыбласы түгел болуды да білдіреді. Қысқы тоқырауда суықтан сақтану өте маңызды. Сыртқа шыққанда бас пен аяқты жылы ұстау керек.

Қысқы тоқырау бір жылдың жылжып аяғына жеткенін білдіреді. Міне, 2021 жылдың ең соңғы 10 күні ғана қалды. Жыл аяғында өткен жылға қайырылып, әттеген-айларды еске алып, үмітсіз болмаңыз. Жүректерде арман болса бәрі орындалады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото