Expo Дубай көрмесінде Қытай ұлттық павильон күні өтті (6)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 қаңтар
Expo Дубай көрмесінде Қытай ұлттық павильон күні өтті
6

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Expo 2020 Dubai көрмесіндегі Қытай павильоны күні өтті. Павильон күні өтетін жерде Қытайдан келген әртістер Дүниежүзілік ЭКСПО көрермендеріне тамаша қойылым қойды.

Биылғы Дүниежүзілік көрмедегі Қытай ұлттық павильонының негізгі тақырыбы «Адамзаттың тағдырлас ортақ қауымдастығын құру – инновациялар мен мүмкіндіктер», ол Қытайдың аэроғарыштық зерттеулердегі, ақпараттық технологиялардағы, заманауи тасымалдаудағы, жасанды интеллект және ақылды өмірдегі жетістіктерін көрсетеді. Бұл Қытай үшін даму идеялары мен жетістіктерін басқа елдермен бөлісу, әлемдегі басқа елдермен алмасу мен ынтымақтастықты нығайту және адамзаттың тағдырлас ортақ қауымдастығын құруды ілгерілету үшін маңызды алаң болып табылады. 10 қаңтарға дейін Қытай павильоны әртүрлі елдерден 800 мыңнан астам қонақ пен туристерді қабылдады.

Дубайдағы Дүниежүзілік ЭКСПО індеттен кейінгі бірінші Дүниежүзілік көрме және Таяу Шығыста өткен алғашқы Дүниежүзілік көрме саналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото