2025 жылы цифрлық экономиканың негізгі салаларының қосылған құны ЖІӨ-нің 10%-ын құрайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қаңтар

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Мемлекеттік кеңес жариялаған «Цифрлық экономиканы дамытудың «14-ші бесжылдық» жоспарында» 2025 жылға қарай цифрлық экономиканың негізгі салаларының қосымша құны ЖІӨ-нің 10%-ын құрайтын болады деп ұсынды.

Бастапқыда деректер элементтерінің нарықтық жүйесі құрылды, саланың цифрлық трансформациясы жаңа деңгейге көтерілді, цифрлық индустрияландыру деңгейі айтарлықтай жақсарды, цифрлық қоғамдық қызметтер инклюзивті және теңгерімді болды, цифрлық экономиканы басқару жүйесі жетілдірілді.

Жоспарда «14-бесжылдық» кезеңінде цифрлық экономиканы дамытудың жалпы шараларын сегіз аспектіден қарастырады, оның ішінде цифрлық инфрақұрылымды оңтайландыру және жаңарту, деректер элементтерінің рөлін толық көрсету, салалардың цифрлық трансформациясын белсенді түрде ынталандыру, цифрлық индустрияландыруды ілгерілетуді жеделдету, қоғамдық қызметтерді цифрландыру деңгейін ұдайы жақсарту, цифрлық экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, цифрлық экономиканың қауіпсіздік жүйесін нығайтуға назар аудару, цифрлық экономикадағы халықаралық ынтымақтастықты тиімді кеңейту.

Жоспарда 2035 жылға қарай еліміз біртұтас және әділ, бәсекелестігі ретті, кемелденген цифрлық экономиканың заманауи нарықтық жүйесін құлшына қалыптастырып, цифрлық экономиканың даму деңгейін әлемнің алдыңғы қатарына шығару атап өтілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото