Бүгін сары аяз амалы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 қаңтар

20 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Көзді ашып-жұмғанша бір жылдағы 24 амалдың ішіндегі ең соңғысы - сары аяз амалы да келіп жетті. Оның келуі жаңа бір жылдың таяп қалғанын білдіреді. Бұл күні температура аса төмендейді. Ежелгі адамдар жазда пайдаланатын мұзды осы сары аяз күні алып, сақтайтын болған. 

Сары аяз амалы да тақпан амалы сияқты ауа райының суықтық көрсеткішін білдіреді. Жаңаша күнтізбе бойынша 20-21 қаңтар күндері аралығында сары аяз амалы кіреді.

Көненің адамдары дәстүрлі 24 жыл амалдарын бақылай отырып, шаруашылық пен тұрмысты лайықты орналастырған. Сары аяз амалы күні қарөрік гүлін тамашалайтын дәстүр де бар. Қытайдың 24 жыл амалының астарында халықтың мәдениеті мен тұрмысы, денсаулық күту тәсілдері жатыр. Ол бүгінде адамзат дәріптеп келе жатқан табиғат пен адамзаттың жарасымдылығын дәлелдейді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото