Көктем мерекесі тасымалы: ЕМУ-дің «Көзге көрінбейтін қамқоршысы»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 қаңтар
Көктем мерекесі тасымалы: ЕМУ-дің «Көзге көрінбейтін қамқоршысы»
1

20 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Оқтай зымырайтын жүрдек пойыздың ЕМУ борттық механигі атты қызметкері бар. «Көзге көрінбейтін» қамқоршы деп аталатын оларды жолаушылар жайшылықта байқай бермейді. 25 ке толып үлгермеген Хон Минджи солардың бірі болып табылады. Биыл оның көктем мерекесі тасымалы кезінде жұмыс атқарған үшінші жылы, жолаушылардың қауіпсіздігін қорғау үшін ол бар ынта-пейілімен жұмысына жауапты болуда.

Хон Минджи - Чунцин солтүстік энергетикалық орталықтандырылған ЕМУ C712 пойызының борттық механигі. 1997 жылы дүниеге келген ол 2018 жылы жұмысқа орналасып, қазір үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.

Борттың механигі ретінде оның міндеті әр 3 сағат сайын вагонның ішін тексеру, негізгі мақсаты – пойыздың әртүрлі жабдықтарының техникалық жағдайын меңгеру. Шарлау кезінде ол әр вагондағы дәретхананың, жуыну бөлмесінің, кондиционердің және электр жабдықтарының қалыпты жұмыс жасаған-жасамағанын тексереді.

Хон Минджи Қытайды түгел дерлік аралағанын айтады. "Көлік оралмаса, біз де оралмаймыз. Әр көктем мерекесін пойызда немесе бөлімшеде өткіземіз" дейді ол. Хон Минджи 2018 жылы жұмысқа тұрғаннан бері отбасында мереке кешін тойлап көрмеді.

«Борттық механиктердің барлығы ЕМУ-дің жеке батырлары». Пойыздың қауіпсіз жұмысынан бастап, ыстық судың температурасына дейін солардың мойнында болады. «Әрбір жолаушының қәуіпсіз, жайлы сапарына кепілдік ету біздің міндетіміз» дейді Хон Минджи.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото