Тибеттік Phuma Yumtso көлінің мұзды бетінен қой айдап өту мерзімі басталды (9)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 наурыз

14 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тибеттің Шаннан қаласындағы Ланкази ауданында орналасқан, орташа биіктігі шамамен 5070 метр болатын әлемдегі ең биік әкімшілік ауылдардың бірі - Туйва ауылы негізінен мал шаруашылығына бағытталған. Өзі үстіртте орналасып әрі бұл жердің жазы қысқа болғандықтан, Туйва ауылының жайылымдары қойларды қысқы жеммен қамтамасыз ете алмайды. Ал «Періштенің көз жасы» деп аталатын Phuma Yumtso көлінің орталығындағы аралдың шөбі шүйгін болады. Сондықтан жыл сайын үстіртте ең суық ауа райы орнаған кезде, Туйва ауылының малшылары қыстың суығынан аман өту үшін қойларын көлдің ортасындағы аралға айдайды. Көктем келген соң көлдің мұзы толық еріп болмастан, малшылар қойын қайтадан кері айдайды. Жақын арада көлдің мұзы ерігелі тұрғандықтан кері оралған отардағы малшы мен қойларды ауыл халқы қуана қарсы алуда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото