Биылғы жылдың жасанды жолмен өсірілген алғашқы Қызылқұтан балапаны жұмыртқадан шықты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 сәуір

27 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 24 сәуір күні таңертең орталық мамандары «мемлекет асылы» деген атқа ие Қызылқұтан отбасының жаңа мүшесін қарсы алды. Шэньсидегі Ханьчжун Қызылқұтан ұлттық қорығында биылғы жылы жасанды жолмен өсіріліп, жұмыртқадан шыққан Қызылқұтан балапаны шиқылдаған даусымен дүние есігін ашты.

Бұл кішкентай Қызылқұтан әлі инкубаторда. Балапан селекционер мұқият дайындаған жеммен қоректенуде, көп ұзамай жетілдіру бөлмесіне жіберіледі. 45 күндік өсіп-жетілуден соң дене пішіні негізінен ересек құстың пішініне ұқсай бастағаннан кейін Қызылқұтан өсіру орталығының торына кіріп, басқа серіктерімен бірге өмір сүреді.

Температураның әсерінен биылғы жасанды жолмен өсірілетін Қызылқұтан балапанының жұмыртқадан шығу уақыты өткен жылмен салыстырғанда 22 күнге кешікті.

Алдағы күндері тағы да кішкентай балапандар бірінен соң бірі жұмыртқа жарады. Бұл балапандар Қызылқұтанның бар популяция мөлшерін біріктіруді жалғастырып қана қоймай, сонымен қатар Цинлин тауларының экологиялық ортасын қорғаудың ең сенімді куәгері бола алады.

Еске сала кетсек, Панда сияқты Қызылқұтан да аса бағалы, сирек кездесетін «мемлекет асылы» саналады. Бір кездері Қытайдың шығысында, Жапонияда, Ресейде, Солтүстік Кореяда және басқа жерлерде кеңінен таралған бұл құстар қоршаған ортаның нашарлауынан және басқа факторларға байланысты саны күрт азайған. Қызылқұтан елімізде алғаш байқалған кезде бар болғаны жетеуі ғана қалып, жойылып кетудің аз-ақ алдында еді. Ғалымдардың күш-жігері мен жасанды өсірудің арқасында жаһандық Қызылқұтан популяциясы 1981 жылы байқалған жетеуден 2021 жылдың мамырында 7000-нан астамға көбейді.

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото