Қытайдағы медбикелердің саны 5 миллионнан асады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 мамыр
Қытайдағы медбикелердің саны 5 миллионнан асады

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Тілші 11 мамыр күні өткен Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының баспасөз мәслихатында 2021 жылы Қытайдағы медбикелер саны 10 жылда екі еседен астам өсіп, 5,018 миллионға жеткенін білді. Қоғамның барлық топтарының медбикелерге деген құрметінің артуына ілесе медбикелер ұжымы тұрақты дамып келеді.

Құзырлы орын өкілдері соңғы 10 жылда бүкіл ел бойынша медбикелер санының жылдық орташа есеппен 8%-ға өскенін жеткізді. 1000 адамға есептелген медбикелер саны қазір 3,56-ға жетті, ер медмамандардың үлесі де өсуін жалғастырып келеді.

Қытай коммунистік партиясының 18-інші ұлттық құрылтайынан бері Қытайдың медбикелік қызметтің даму сапасы мен көрсеткіші жақсарды. Колледж деңгейіндегі немесе одан жоғары білімі бар медбикелердің үлесі 2012 жылғы 56%-дан 2021 жылы 80%-ға жуық өсті.

«Ұлттық мейірбикелік мансапты дамыту жоспарына (2021-2025 жж)» сәйкес 2025 жылға қарай еліміздегі медбикелердің жалпы саны 5,5 миллионға жетеді деп күтілуде. 1000 адамға есептелген медбикелер саны 3,8-ге жетсе, медициналық-мейірбикелік қатынас 1:1,2-ге артады. Әлсіз тұстарды толықтыру, қарттарды, дәстүрлі қытай медицинасымен қамтамасыз ету, қоғамдық және үй жағдайында күтім көрсету сапасы айтарлықтай артады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото