Шанхай маусым айынан бастап өндіріс пен тұрмысты толығымен дағдылы қалпына келтіреді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 мамыр
Шанхай маусым айынан бастап өндіріс пен тұрмысты толығымен дағдылы қалпына келтіреді

17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 16 мамыр күні таңертең Шанхайда өткен баспасөз мәслихатында Шанхайдың 15 ауданында коронавирус бойынша әлеуметтік тазалыққа қол жеткізгені хабарланып, маусым айынан бастап қаланың өндірістік және тұрмыстық тәртібі толығымен қалпына келтірілетіні мәлімделді.

Баспасөз мәслихатында тиісті жауапты тұлға Шанхайдағы бүкіл қаланың жұмылуымен Шанхайдағы індет жағдайының тиімді тежелгенін, алдын алу мен бақылау кезеңдік нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.

Әр түрлі алдын алу және күресу шараларын жүзеге асырып, жан-жақты сараптамалық талдау арқылы Шанхай «үш кезеңге» бөлінген алдын алу және бақылау жұмыстарының келесі қадамын тұрақтандырды.

Бірінші кезең: Қазірден бастап 21 мамырға дейін қаладағы жаңадан індет жұқтыруды азайту, қайта таралуды болдырмау және төмен деңгейдегі әлеуметтік қимылдарды сақтауды негіз етеді.

Екінші кезең: 22 мамырдан 31 мамырға дейін әр күнгі жаңадан ауру жұқтырғандар санын азайтып, індеттің алдын алу мен бақылауды қалыпты басқаруға ауыстыру жеделдетілді.

Үшінші кезең: 1 маусымнан айдың ортасы мен аяғына дейін індеттің қайта өршуіне жол берілмейді. Бақылауға болатын тәуекелдер негізінде індеттің алдын алу мен бақылауды қалыпты басқаруға келтіру толығымен жүзеге асырылады. Сөйтіп бүкіл қаланың өндірістік және тұрмыстық тәртібі дағдылы деңгейге келтіріледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото