Қытай «14-бесжылдықтың» соңына дейін сазды жерлерді қорғау деңгейін 55%-ға дейін арттыруға ұмтылуда

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 мамыр
Қытай «14-бесжылдықтың» соңына дейін сазды жерлерді қорғау деңгейін 55%-ға дейін арттыруға ұмтылуда

30 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында екінші тоқсандағы кезекті баспасөз мәслихатында Қытай мемлекеттік орман және шабындық басқармасының сазды жерлерді басқару бөлімі директорының орынбасары Бао Дамин «14-бесжылдықтың»(2021-2025 жылдар аралығы) аяғына дейін Қытайдың сазды жерлерді қорғау деңгейі 55%-ға артып, 66670 гектар сазды жерлер қалпына келтіріліп, қызыл ағаш орманын отырғызу көлемі 9047 гектар, ал қалпына келтірілген қызыл ағаш орман көлемі 9747 гектарды құрайды деп мәлімдеді.

Бао Дамин Қытай сазды жерлерді қорғауды үздіксіз күшейтіп, сазды жерлерді қорғауды басқару жүйесі бастапқыда құрылды, халықаралық маңызы бар 64 саз және 29 ұлттық маңыздағы сазды жерлер белгіленді, және 600-ден астам сазды табиғи қорғау аумағы мен 1600-ден астам сазды бақшалар құрылып, сазды жерлерді қорғау деңгейі 50%-дан астамға дейін ұлғайтылды деп таныстырды.

1 маусымда сазды жерлерді қорғау туралы заң ресми түрде жүзеге асады. Бұл Қытайдың сазды алқаптардың эко-жүйесін қорғауға арналған заңнамасын алғаш рет іске асыруы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото