Сычуань-Яаньдағы жер сілкінісінде төрт адам қаза тапты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 маусым
Сычуань-Яаньдағы жер сілкінісінде төрт адам қаза тапты

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Сычуань өлкесі Яань қаласындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету штабынан хабарлауынша, 1 маусым күні Бейжің уақытымен сағат 19:40-тағы жағдай бойынша Лушань мен Баосин аудандарының кейбір елді мекендері жер сілкінісінен зардап шекті. Яань қаласында 4 адам қаза тауып, 41 адам жарақат алды. Жараланғандар қалалық және аудандық ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Яань қалалық партия комитеті кеңсесінің хабарлауынша, жер сілкінгенде құлаған тастар төрт адамның қазасына себепкер болған.

Яань жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету штабы 4500-ден астам апаттық-құтқару, қарулы полиция, өрт сөндіру, медициналық, қоғамдық қауіпсіздік, милиция және басқа да құтқару күштерін жұмылдырды. Құтқару жасағы зардап шеккен аудандарға барып, іздестіру және құтқару, жаралыларды емдеу, бөгелген жолды ашу және тұрғындарды қауіпсіз орынға қоныстандыру жұмыстарын жүргізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото