Дуаньу мерекесінің демалысында ішкі саяхат 79,61 млн адамды қабылдады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 маусым

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 5 мамырда Мәдениет және туризм министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, Мәдениет және туризм министрлігінің деректер орталығының мәліметі бойынша, 2022 жылы «Дуаньу» мерекесі кезінде ел бойынша 79,61 миллион адам ішкі туризм саяхатында болып, бұдан түскен табыс 25,82 миллиард юаньды құрады.

Мереке күндері халықтық туризмнің танымалдылығы жоғары, мәдени және туристік өнімдердің жеткізілімі мол болды. Дәстүрлі мәдениетке мұрагерлік ету «Дуаньу» мерекесіндегі туризм нарығының маңызды ерекшелігіне айналды. Айдаһар қайығы жарысы, ханфу (дәстүрлі қытай киімі) киіп бақшада сейілдеу, қияқ-күріш тұшпарасын әзірлеу, жұпар иісті бойтұмар жасау сияқты «дәстүрлі мәдениет» пен «туристік орындарды» біріктіретін іс-шаралар саяхатшыларға көптеген тұтыну таңдауларын ұсынды.

Әртүрлі жерлерде бұлттық қойылымдар, бұлтты ойын-сауық және бұлттық туризм сияқты онлайн мәдени және туристік қызметті белсенді түрде жүзеге асыру үшін, 5G, AR, VR, AI және т.б. сияқты сандық технологиялар қолданылды. Бұл жұртшылыққа қызықты да шынайы әсер мен көңіл-күй сыйлады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото