Қытайдағы білікті жұмысшылардың жалпы саны 200 миллионнан асады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 маусым
Қытайдағы білікті жұмысшылардың жалпы саны 200 миллионнан асады

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2 маусымда Бүкілқытайлық кәсіподақтар федерациясы баспасөз мәслихатын өткізіп, өнеркәсіп кадрлар одағы құрылымын реформалаудың бесжылдық жетістіктерімен таныстырды. 2021 жылдың соңына қарай еліміздегі білікті жұмысшылардың жалпы саны 200 миллионнан, ал жоғары білікті жұмысшылардың саны 60 миллионнан асты. Жұмыспен қамтудың жалпы көлемі бойынша білікті жұмысшылардың үлесі 26 пайызды құрайды.

Соңғы бес жылда ұлттың озық үлгісі ретінде барлығы 297 жұмысшылар мен қолөнер шеберлерінің инновациялық студиялары аталды. Сонымен қатар осы уақыт ішінде түрлі бағыттағы 82 000-нан астам инновациялық студиялар құрылып, алдыңғы қатарлы өнеркәсіп қызметкерлерінің 20 инновациялық жобасы Ұлттық ғылым және Технологиялық прогресс сыйлығын иеленді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото