Шаньдун өлкесі Циндао қаласы:мектептегі «кішкентай диқандар» мол өнім алды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 маусым
Шаньдун өлкесі Циндао қаласы:мектептегі «кішкентай диқандар» мол өнім алды

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бидай ору кезінде Шаньдун өлкесі Циндао қаласындағы Дунгаобу бастауыш мектебінің оқушылары еккен бидай мол өнім берді. Мұғалімнің жетекшілігімен балалар бидай орып, масақ теріп, дәнді ұшырып, кептіріп, төккен терлерінің жемісін көрді.

Оқушылардың еңбек сапасын жоғарылату үшін Циндао қаласындағы Дунгаобу бастауыш мектебі мектеп ауласындағы бос жерлерді пайдаланып, еңбек тәжірибесі базасын ашқан еді. Оқушылар бидай егу, суарып-баптау және ору процесіне толық қатысып, өздерінің еңбекке деген ынтасын көрсетті. Бұл диқаншылық оларды астықты аялайтын тамаша қасиетке баулыды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото