Қытай медицинасы мен кофенің Гуанчжоуда тоғысуы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 маусым

14 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Көптеген адамдар үшін қытай медицинасы мен кофенің өзара ешқандай байланысы жоқ. Алайда Гуанчжоуда бизнесті бастаған Тайваньдық TCM дәрігері Су Юнья екеуін біріктіріп, қытай медицинасы кафесін ашып, тұтынушыларға танымал болды.

Қытай медицинасының маманы Су Юнья: «Мен әрқашан жастарға қытай медицинасын насихаттауды қалайтынмын. Кейінірек кофенің жақсы "медиа" екеніне көзім жетті. Кейбір жастар бұл жерде кофе ішкенде қытай медицинасының диагностикасы мен емі бар екенін біліп, дәмін татып, әсері өте жақсы екенін сезініп, тұрақты тұтынушыға айналады. Біздің кофе арнайы қуырылады. Ал балмұздақтың құрамына қытай медицинасының ингредиенттері қосылған. Бұл денсаулық күтіміне жауапты қарайтындар үшін қолайлы»,-деді. Бизнес тұрақтанған сайын, оның даму мүмкіндігі кеңейіп, ішкі құрлықта тұрақтануға деген сенімі беки түсті.

«Бастапқыда мен пациенттерге салыстырмалы түрде ыңғайлы жеке қабылдау бөлмесін жабдықтадым. Осы кезде күйеуім де кофе ішетін орын іздей бастады. Сонымен екеуіміз ақылдасып, кофехана мен дәстүрлі қытай медицинасының біріккен студиясын құрдық», - деді Су Юнья.

2008 жылы Су Юнья Тайваньнан Чэнду дәстүрлі қытай медицинасы университетіне оқуға түседі. 2013 жылы магистратурада оқуды ойластырғанда, ол климаты мен тамағы Тайваньға жақын келетін Гуанчжоуды таңдайды. Гуанчжоу дәстүрлі қытай медицинасы университетінде қазіргі күйеуі, Тайвандық Цай Сицинмен танысады. Магистратураны бітіргеннен кейін екеуі де ішкі құрлықтағы нарықтың даму болашағына оптимистік көзқараспен қарап, қызметтерін Гуанчжоуда бастауды жөн санайды.

Дәстүрлі қытай медицинасы мен кофе, дәстүрлі қытай мәдениеті мен батыс мәдениеті тамаша үйлесім тауып, «бір-бірін ілгерілетудің» ықпалы Су Юнья мен Цай Сициннің ойлағанынан да асып түседі. Сөйтіп бұл үндестік бизнесті дамытуға аса қолайлы болады.

Цай Сицин журналистерге: «Ішкі құрлықта бизнес бастаудың артықшылықтарының бірі - халықтың көп шоғырлануы және нарықты қабылдаудың жоғарылығы. Дәстүрлі қытай медицинасы мен кофені біріктіретін концепциялық дүкен - нарық бәсекесіне қабілетті бизнес. Егер Тайваньда болсақ, тіпті індет жоқ кездің өзінде, дамуы қиын болар еді. Ал Ішкі құрлықта біз індеттің ең қиын кезеңінен аман өтіп қана қоймай, сонымен бірге жоғары танымалдыққа ие болдық »,-деді.

Су Юнья кофеден басқа, Қытайдың дәстүрлі медицинасының емдік қасиеттеріне сәйкестендіріп, бірнеше емдік материалдарды таңдап, шөптерден жасалған қытайлық дәрілер қосылған үш арнайы балмұздақ әзірледі. Оның айтуынша: «Бұл тәсіл мұз өнімдерінің адам ағзасына кері әсерін азайтып қана қоймай, жастардың тәбетін де қанағаттандыра алады».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото