Жұлдыздармен жарасқан жақұт көлі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 тамыз
Жұлдыздармен жарасқан жақұт көлі

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Цинхай өлкесінің Хайси облысы Дачайдан қалашығының маңында фотографтар Жақұт көлі мен Усут (су) Яданның әсем көріністерін түсірді. Күндіз жақұт секілді жалтырап жататын көл, түнде жұлдыздардың бейнесін бетіне қондырып, көрген жанның көзін сүйсіндіреді.

Хайси облысының Дачайдан қалашығынан солтүстік-батысқа қарай он шақырымдай жерде орналасқан «Жақұт көлі» бұрынғы Дачайдан химиялық фабрикасы Тұзды көл тау-кен бригадасының кен өндіру аймағы болып табылады. Көл шамамен 6 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Жылдар бойы тау-кен жұмыстары үздіксіз жүргізілгендіктен, кен өндіру аймағында әртүрлі өлшем мен пішіндегі тұзды тоғандар пайда болған. Құрамындағы минералдардың әртүрлі қоспасына байланысты көлде түрлі-түсті көріністер пайда болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото