人民网首页Бас бет

Дайындық

«Сюэ Руйи» ұлттық шаңғымен секіру орталығы жасанды қар жаудыра бастады

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылдың 8 қарашасында қар жасау машинасы Бейжің 2022 жылғы қысқы Олимпиадасының Чжанцзякоу жарыс алаңындағы «Сюэ Руйи» ұлттық шаңғымен секіру орталығында жасанды қар жаудыру тапсырмаларын орындай бастады. 6 қараша күні таңертеңнен бастап қарлы ауа-райы негізінде Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының Чжанцзякоу жарыс аймағындағы «Сюэ Руйи» ұлттық шаңғымен секіру орталығы алдағы сынақ жарысына дайындық ретінде жасанды қар жаудыру жұмыстарын бастады.

Шайбалы хоккейден «Бейжіңде кездесу» атты отандық сынақ шарасы өтті

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қарашада «Бейжіңде кездесу» атты отандық шайбалы хоккей сынағы алғашқы ойын күнін бастады. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына арналған сынақ шараларының бірі ретінде бұл сынақ жарысы 8 күнге созылады, ол 7-10 қараша аралығында Бейжіңдегі Вуксон спорт орталығында, ал 10-13 қараша аралығында Ұлттық стадионда өтеді.

Олимпиада медальдары (беткі жағы)

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медальдары салтанатты түрде жарияланды

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазан кешкі сағат 8-де Бейжің қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатына 100 ккүндік кері санау кезеңі басталды. Бейжің-2022 қысқы Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындарының медальдары жұртшылық алдында таныстырылды.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалды, біз дайынбыз!

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің қысқы Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында, ал Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада 2022 жылдың 4-13 наурыз аралығында өтеді. Бейжің жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін әлемдегі алғашқы қала болады.

Алдынғы бет2 3 4 5 6 Келесі бет