人民网首页Бас бет

Дайындық

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен спортшыларға арналған кәдесыйлар шықты

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылғы 31 желтоқсан күні кеште Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының марапаттау түрлері ресми жарияланды. Олардың ішінде арнайы бойтұмар кәдесыйлар жалпы дизайны Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада және Қысқы Паралимпиаданың бойтұмарлары Бинддун мен Сюеронронды прототип ретінде алып, қарағай, бамбук және қара өрік ағашынан тоқылып, гүл шоқтарымен әдіптелген.

22 ел мен аймақта 100-ге жуық «Бейжіңде кездесу» көрсетілімі қойылатын болады

28 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 6 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында «Бейжіңде кездесу» Олимпиадалық мәдениет фестивалі және 22-ші «Бейжіңде кездесу» халықаралық өнер фестивалі өтеді. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада кезіндегі маңызды мәдени оқиға ретінде бұл өнер фестивалі әртүрлі жоғары технологиялық және презентация әдістерін пайдалана отырып, отандық және халықаралық олимпиадалық мәдениет пен дәстүрлі өнер ресурстарын үйлестіреді, соның ішінде орындаушылық өнер, бейнелеу өнері, фильм көрсетілімдері, қалалық іс-шаралар және мерекелер сияқты бес сала бойынша көрсетілімдер болады.

БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады

22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 21 желтоқсанда Ливанға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш баспасөз мәслихатын өткізді. Гутерриш CMG тілшісінің Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысасыз ба деген сауалына жауап бергенде, Ол Халықаралық Олимпиада комитетінен шақырту келгенін және шақыртуды қабыл алғанын мәлімдеді.

Қысқы Олимпиадалық киім үлгілерінің тағы бір тобы жарияланды!

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Coca-Cola China rPET материалы (қайта өңделген сусын бөтелкелері) шикізатын пайдаланып, 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары барлық орындарының қоқыс шығару қызметкерлері үшін «мейірімді сәлемдемелер» ұсынатынын хабарлады. Coca-Cola China осы шара арқылы халықтың өнімді қайта өңдеу туралы танымын жетілдіріп, жаңа әрі «мейірімді» әдіспен Қысқы Олимпиада ойындарының «жалғасымды әрі болашаққа бет алу» арманын көрсетуге көмегімізді тигізсек деген үміттерін білдірді.

Алдынғы бет1 2 3 4 5 6 Келесі бет