22 ел мен аймақта 100-ге жуық «Бейжіңде кездесу» көрсетілімі қойылатын болады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 желтоқсан

28 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 6 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында «Бейжіңде кездесу» Олимпиадалық мәдениет фестивалі және 22-ші «Бейжіңде кездесу» халықаралық өнер фестивалі өтеді.

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада кезіндегі маңызды мәдени оқиға ретінде бұл өнер фестивалі әртүрлі жоғары технологиялық және презентация әдістерін пайдалана отырып, отандық және халықаралық олимпиадалық мәдениет пен дәстүрлі өнер ресурстарын үйлестіреді, соның ішінде орындаушылық өнер, бейнелеу өнері, фильм көрсетілімдері, қалалық іс-шаралар және мерекелер сияқты бес сала бойынша көрсетілімдер болады.

Келер жылдың 6 қаңтарында Бейжің Тяньцяо өнер орталығында «Бейжіңде жолығайық» кең ауқымды көркем шоудың ашылу салтанаты қойылады. Қойылымда әртараптандырылған интеграцияға қол жеткізу және әлемді байланыстыру үшін «5G+4K, 8K+XR» және басқа да жаңа сахналық технологияларды пайдалана отырып, қытай тарихы мен тамаша дәстүрлі мәдениетінің инновациялық өрнектері көрсетілетін болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото