Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен спортшыларға арналған кәдесыйлар шықты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 қаңтар
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен спортшыларға арналған кәдесыйлар шықты

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылғы 31 желтоқсан күні кеште Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының марапаттау түрлері ресми жарияланды. Олардың ішінде арнайы бойтұмар кәдесыйлар жалпы дизайны Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада және Қысқы Паралимпиаданың бойтұмарлары Бинддун мен Сюеронронды прототип ретінде алып, қарағай, бамбук және қара өрік ағашынан тоқылып, гүл шоқтарымен әдіптелген. Бұл кәдесыйлар марапатқа ие болған спортшыларға берілетін болады. «Суықтың үш досы» деп аталатын қарағай, бамбук және қара өрік ағашы - қайсарлық пен өміршеңдіктің символы. Олар спортшыларға деген мадақты, құрмет пен ізгі тілекті білдіреді. Гүл шоқтары алтын түсті PU толтырылған мақтадан жасалған, жұмсақ және жылы, ұстауға оңтайлы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото