人民网首页Бас бет

Жаңалықтар

«Бас хатшы Си Цзиньпиннің білімнің маңызы туралы пайымдау дәрісінің» ағылшын тіліндегі нұсқасы жарияланды

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бас хатшы Си Цзиньпиннің білім туралы маңызды пайымдауын сапалы аударып, насихаттау, халықаралық қоғамда Қытай білімі дамуының жаңа идеясы мен жаңа көзқарасын тарату мақсатында Білім министрлігі Бейжің шет тілдер университетін ұйымдастырып аудартқан «Бас хатшы Си Цзиньпиннің білімнің маңызы туралы пайымдау дәрісінің» ағылшын тіліндегі нұсқасы «Шет тілін оқыту және зерттеу» баспасы мен «Жоғары білім беру» баспасынан жарық көріп, таратылды.

12 қазанда Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы ашылады

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қазанда Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы іске қосылып, қызметін бастайды. Жаңалықтар орталығы Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына сұхбат алуға келген Сянган арнайы әкімшілік районы, Аомэнь арнайы әкімшілік районы мен Тайваньнан келген бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері мен шетелдік БАҚ тілшілерінің сұхбат өтінімдерін қабылдап, баспасөз таралымы мен тілшілерді қабылдау жиналыстарын ұйымдастырады.

Тибеттегі ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы кірісі қатарынан 7 жыл бойы бүкіл ел бойынша көш бастап келеді

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қазан күні тілшінің Тибет Автономиялық регионында ашылған «Тибеттің он жылы» атты баспасөз мәжілісінен алған мәліметіне сәйкес, 2012 жылдан бастап Тибет ауылдықтарының жан басына шаққандағы кірістері жыл сайын екі орынды өсуге жетіп, 7 жыл қатарынан ел бойынша бірінші өсуді сақтады. Соңғы жылдары Тибет фермерлер мен малшылардың жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шаралар енгізді.

«Си Цзиньпиннің ережелерге сәйкес партияны басқару туралы байымдауларының үзіндісі» баспадан шықты

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында ҚКП Орталық Комитеті Партия тарихы мен әдебиет ғылыми-зерттеу институтының «Си Цзиньпиннің ережелерге сәйкес партияны басқару туралы байымдауларының үзіндісі» атты өңделген кітабы Орталық әдебиет баспасынан жарық көріп, ел аумағына таратылды. «Си Цзиньпиннің ережелерге сәйкес партияны басқару туралы байымдауларының үзіндісіне» төраға Си Цзиньпиннің 2022 жылдың 15 қарашасынан 17 маусымға дейінгі баяндамалары, сөйлеген сөздері, мақалалары, нұсқаулары және бекітпелері сынды 180-нен аса маңызды құжаттар енген.

Алдыңғы бет7 8 9 10 11 Келесі бет