30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қыркүйек таңертең Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында құрбандарды еске алу күніне орай Халық қаһармандарына гүл шоқтарын қою рәсімі салтанатты түрде өтті. Рәсімге Си Цзиньпин, Ли Кэцян, Ли Жаньшу, Ван Ян, Ван Хунин, Чжао Лэцз, Хань Чжэн, Ван Цишань сынды партия және мемлекет басшылары әр сала өкілдерімен бірге қатысты.
28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйек күні партия және мемлекет басшылары Си Цзиньпин, Ли Кэцян, Ли Жаньшу, Ван Ян, Ван Хунин, Чжао Лэцзи, Хань Чжэн сынды лауазымды өкілдер Бейжің көрме орталығындағы «Жаңа дәуірге талпыну» атты жетістіктер көрмесін тамашалады.
27 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайы 2022 жылдың 16 қазанында Бейжіңде өткізіледі. Құрылтай ашылу қарсаңында ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына қатысатын өкілдер құрамы мен таралу ерекшеліктері төмендегідей алты жақтан жинақталды.
26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Cи Цзиньпин жолдас басшылық еткен ҚКП Орталық Комитетінің жетекшілігімен ҚКП 20-сыншы құрылтайына қатысатын өкілдерді сайлау сәтті аяқталды. Ел бойынша әрбір сайлау бірлігі партия съезін немесе партияның өкілдік жиналысын шақырып, партияның 20-сыншы құрылтайына 2296 делегат сайлады.