Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтай өкілдерінің құрамы мен таралу ерекшеліктері қандай?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 қыркүйек

27 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайы 2022 жылдың 16 қазанында Бейжіңде өткізіледі. Құрылтай ашылу қарсаңында ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына қатысатын өкілдер құрамы мен таралу ерекшеліктері төмендегідей алты жақтан жинақталды.

Біріншіден, өндіріс пен жұмыстың алдыңғы шебіндегі партия мүшелері өкілдерінің үлес салмағына кепілдік берілді. Сайланған өкілдер арасында өндірісте және жұмыстың алдыңғы қатарындағы партия мүшелері 771 болып, үлес салмағы 33,6%-ды құрайды. Олардың ішінде 192 жұмысшы партия мүшесі (26 еңбекші-мигрант партия мүшесі), 8,4%-ды құрайды. 85 еңбекші партия мүшесі, 3,7%-ды құрайды, кәсіптік-техникалық партия мүшелер саны 266 болып, 11,6%-ды құрайды.

Екіншіден, әйел партия мүшелері өкілдерінің саны өсіп, этникалық азшылық партия мүшелері өкілдерінің үлесі тұрақтылықты сақтады. Сайланған өкілдер арасында 619 әйел партия мүшесі бар, бұл ҚКП 19-ыншы мемлекеттік құрылтаймен салыстырғанда 68 адам артып, 27,0%-ды құрап, 2,8 пайыздық тармаққа өсті. Этникалық азшылық тобы партия мүшелерінен 264 адамға жетіп, 11,5%-ды құрайды және олар 40 этникалық азшылық тобын қамтыған.

Үшіншіден, өкілдердің таралу аймағы кең. Сайланған өкілдер әр тараптан келеді. Экономика, ғылым және техника, ұлттық қорғаныс, саясат және құқық, білім беру, үгіт-насихат, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік басқару және тағы басқа салаларды қамтиды. Мысалы, өлке, қала, аудан, ауыл-қалашық (көшелер), елді мекендер (қауымдар) сынды әрбір аймақтан, сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, халықтық ұйымдар және басқа да орындардың барлығынан өкілдер бар.

Төртіншіден, өкілдердің жас құрылымы сәйкеседі. Сайланған өкілдердің орташа жасы 52,2 жасты құрады. Оның ішінде 55 жасқа дейінгі 1371 адам болып, 59,7%-ды құрайды. Ал 45 жастан кішілердің саны 434 адам болып, 18,9%-ды құрайды.

Бесіншіден, өкілдердің білім деңгейлері жоғары. Сайланған өкілдердің ішінде 2191 өкіл колледж немесе одан жоғары дәрежеге ие болып, 95,4%-ды құрап, ҚКП 19-ыншы мемлекеттік құрылтайымен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа өсті. Оның ішінде 826-сының бакалавр дәрежесіндегі білімі бар болып, ол 36%-ды құрайды, ал магистрлік білімі бар 1210-ны 52,7%-ын құрайды.

Алтыншыдан, әр уақытта партия қатарына өткендердің өкілдері бар. Оның ішінде реформа мен ашық есік саясатынан кейін партия қатарына өткендердің саны 2224 болып, 96,9%-ын құрады. Олар ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтай өкілдерінің негізгі тұлғасына айналды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото