人民网首页

Жаңалықтар

Шыңжаң-Қорғас теміржол порты биыл Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының 3000-нан астамын жөнелтті

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 24 мамыр күні сағат 11:30-да Сиань халықаралық портынан тұрмысқа қажетті заттар, электр бөлшектері, киімдер, ойыншықтар және басқа да тауарлар тиелген Қытай-Еуропа пойызы Шыңжаңдағы Қорғас станциясынан елден шығып, Польшаның Малашевич қаласына бет алды. Бүгінгі таңда Қорғас порты арқылы өтетін Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының саны 3000-нан асты.

Бейжіңде Қытай-Орталық Азия ақпараттық агенттіктерінің форумы өтті

24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңде 23 мамыр күні «Тағдыры ортақ Қытай - Орталық Азия қауымдастығын құруға жәрдемдесу үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында Қытай және Орталық Азия ақпараттық агенттіктерінің форумы өтті. Шара Қытай - Орталық Азия саммиті нәтижелерінің бірі ретінде Синьхуа ақпараттық агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Қытайдың Даму банкі Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастыққа қаржылық қолдауды арттырады

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай—Орталық Азия ынтымақтастығын тереңдетуге және Орталық Азия елдерінің даму мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында, Қытай Даму Банкі Қытай—Орталық Азия ынтымақтастығына баламалы 10 миллиард юань мөлшерінде арнайы қарыз ақша бөлді. Бұл қаржы Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы экономика және сауда, инвестиция, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым және т.

Қытай мен Қазақстан БАҚ бірлесіп ұйымдастырған жаңалықтар мен ақпараттық бағдарламалар алғаш рет Қазақстанда тұрақты таратылды

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 17 мамыр күні, Қытай-Орталық Азия саммитінің ашылу қарсаңында Қытайдың Орталық Радиотелевизиялық станциясы «Азия-Еуропа терминалы» мен Қазақстан «Атамекен» телеарнасы бірлесіп дайындаған «Жібек жолында» және «Қытай жаңалықтары» атты қазақ тіліндегі екі жаңалықтар мен ақпараттық бағдарлама Қазақстанда ресми түрде іске қосылып, жергілікті уақыт бойынша 16: 00 да таратылды. Сондай-ақ Қытай мен Қазақстанның БАҚ саласы бірлесіп дайындаған жаңалықтар мен ақпараттық тізбелер қалыпқа келтіріліп, Қазақстанда алғаш рет таратылып отыр.

上一页11 12 13 14 15 16 下一页