Қытай мен Қазақстан БАҚ бірлесіп ұйымдастырған жаңалықтар мен ақпараттық бағдарламалар алғаш рет Қазақстанда тұрақты таратылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 мамыр
Қытай мен Қазақстан БАҚ бірлесіп ұйымдастырған жаңалықтар мен ақпараттық бағдарламалар алғаш рет Қазақстанда тұрақты таратылды

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 17 мамыр күні, Қытай-Орталық Азия саммитінің ашылу қарсаңында Қытайдың Орталық Радиотелевизиялық станциясы «Азия-Еуропа терминалы» мен Қазақстан «Атамекен» телеарнасы бірлесіп дайындаған «Жібек жолында» және «Қытай жаңалықтары» атты қазақ тіліндегі екі жаңалықтар мен ақпараттық бағдарлама Қазақстанда ресми түрде іске қосылып, жергілікті уақыт бойынша 16: 00 да таратылды. Сондай-ақ Қытай мен Қазақстанның БАҚ саласы бірлесіп дайындаған жаңалықтар мен ақпараттық тізбелер қалыпқа келтіріліп, Қазақстанда алғаш рет таратылып отыр.

Хабарламаларға сәйкес, екі бағдарлама Қытайдың орталық Радиотелевизиялық станциясының жаңалықтар материалдарын пайдалана отырып, Қытайдың саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы, сонымен қатар Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы жөніндегі ақпараттарды ұсынып отырады. Бұл екі бағдарлама Қазақстандық көрермендерге қазақ тілінде Қытайдың дамуы туралы ең жаңа ақпараттарды білуіне мүмкіндік берді. Жоспарлау, тақырыпты таңдау, редакциялау және продюсерлік етуді екі елдің БАҚ өкілдері бірлесіп жүзеге асырады. Осылайша қазақстандық аудитория үшін маңызды Қытай жаңалықтары бағдарламасын құру іске асырылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото